2.02.2023, 11:00
Оқылды: 189

Қазболат Құрмашев дзюдодан халықаралық дәрежедегі спорт шебері атанды

Батысқазақстандық спортшы Қазболат Құрмашев дзюдодан халықаралық дәрежедегі спорт шебері атағының куәлігіне ие болды. 
1675313569086
Айта кетейік, Қазболат Сағынғалиұлы Польшаның Краков қаласында 2022 жылдың 8-11 қыркүйек күндері дзюдо күресінен ардагерлер арасында Әлем чемпионы атанған болатын.  Чемпионаттың алғашқы күні 60-64 жас аралығында 60 келі салмақ дәрежесінде  сынға түскен жерлесіміз барлық қарсыласынан басым түсіп, дзюдодан әлем жеңімпазы атанды.
Бұл жеңіс оған «Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері атағына» ие болуға үлкен үлес қосты.
IMG-20230202-WA0101
Еске сала кетсек, спортшы осы уақытқа дейін самбодан алтымәрте әлем чемпионы атанған еді.
IMG-20230202-WA0102

Қазболат Сағынғалиұлының айтуынша, ол мамыр айында Солтүстік Кореяда өтетін Азия ойындарына дайындықты бастаған.

Динара Насыр,
zhaikpress.kz

Фотоға түсірген: Гүлмира Сәрсенғалиева

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале