25.05.2021, 17:54
Оқылды: 1195

Киіктердің резерватына алынатын жер үшін шаруаларға басқа аумақтан жер беріледі

Бүгін БҚО әкімі Ғали Есқалиев ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі ұйымдастырған баспасөз конференциясында Батыс Қазақстан облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы есеп берген болатын. Сондай-ақ Ғали Нәжімеденұлы БАҚ өкілдерінің түрлі сауалдарына жауап берді.

е1

«Qazaqstan» Ұлттық телеарнасының БҚО-дағы меншікті тілшісі Ардақ Мұратқызы сауал қойды. - БҚО-да киіктерді сақтап қалу үшін резерват құрылатын болды. Бірақ 650 мың гектар аумақтың дені шаруалар меншігінде. Олар 49 жылға жалға алған жерін бергісі келмей жатыр. Мемлекет мәжбүрлі түрде алғанның өзінде оларға басқа аумақтан жер беріле ме? Және қайтадан жанжал туып кетпей ме? Бұл әлеуметтік мәселе қалай шешіледі? - деді ол.

- Жерді 2012 жылға дейін рәсімдеген шаруаларға біз басқа аумақтардан жайылымдық жерлер беруге дайынбыз. Ал 2012 жылдан кейін берілген жер болса, шаруа қожалықтары ол жерлердің уақытша берілгенін білуі керек. Әрине, біз оларға да көмек көрсететін боламыз. Бірақ олардың жерге құқықтары бөлек. Атакәсіппен шұғылданып отырған шаруа қожалықтарын әрдайым қолдаймыз, мүмкіндік береміз,- деп жауап берді Ғали Есқалиев.

 zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале