Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 1, 34 теңгеге қымбаттады.
Бір АҚШ долларының орташа бағамы - 429, 57 теңге.
Ұлттық банктің 16 мамырдағы ресми бағамы – 1 долларға 427, 84 теңге.
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пунктілерінде доллардың сату бағамы – 430, 42 теңге, сатып алу – 434, 86 теңге.
Ал Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сату бағамы – 431, 41 теңгеден болса, сатып алу құны – 434, 04 теңге.