1.12.2021, 9:13
Оқылды: 109

Қос кітап жарық көрді

Ғ. Құрманғалиев атындағы облыстық филармонияның концерттік залында «Отандық  арнайы қызмет хроникасы» және  «Мемлекеттік шекара» атты кітаптардың тұсаукесер рәсімі өтті.  

D69F3745-0313-41FC-B11E-F0A583F16137

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы, сондай-ақ ҚР Ұлттық қауіпсіздік қызметі мен ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті шекара қызметі құрылымдарының құрылғанына 30 жыл толуына орай шығарылған қос жинақта әскери қызметкерлердің ерлігі, олардың қызметі туралы деректер келтірілген.

ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті БҚО бойынша департаментінің бастығы, полковник Еркін Хабиев аталмыш кітаптардың жас ұрпақ үшін маңыздылығын атап өтті.

Айта кетсек, Тәжікстан Республикасының Висхоровский аумағындағы ұрыс іс-қимылдарына қатысқан доғарыстағы жауынгерлер – Жүсіп Берекешев, Бахтияр Маутаев, өмірден өткен запастағы жауынгер Махамбет Абулхасимовтың жұбайы Әсел Абулхасимова, ҚР ҰҚК шекара қызметінің доғарыстағы аға сержант Вадим Ишкулов, «Сырым» шекаралық бақылау бөлімшесінің кіші сержанты Қанат Төленовтың ерлігі жинақтың төрінен орын алған. Салтанатты шарада аталған батырларға арнайы сыйлықтар табысталды.

– Бұл кітаптарда еліміздің қауіпсіздігін қамтамасыз етуде еңбек етіп жүрген қарапайым қызметкерлер, Отанымыздың аумақтық тұтастығын қорғауда ұрыс іс-қимылдарына қатысқан әскери қызметкерлер мен батырлар туралы жазылған. Дәл осындай ауқымды шара республика көлемінде атап өтілуде. Бүгін біздің облыстан бес батырымыз марапатталды. Халықтың көпшілігі ҚР Ұлттық қауіпсіздік қызметі мен ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті ше­кара қызметінің жұмысы туралы біле бермейді. Аталған кітаптарда біздің жұмысымыз, отыз жыл ішінде атқарған қызметіміз туралы мәліметтер бар. Кітаптар «Меломан» кітап дүкендері желісінде сатылады, – дейді ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті БҚО бойынша департаментінің қызметкері Мереке Сүйіншқалиев.

Гүлжамал Жолдығали,

zhaikpress.kz

 

 

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале