26.10.2021, 18:32
Оқылды: 86

«Квант» ЖШС-нің құрылғанына 30 жыл толды

Оралдағы «Квант» жауaпкершілігі шектеулі серіктестігінің құрылғанына биыл 26 қазанда 30 жыл толып отыр. Аталған кәсіпорын поролон, матрас, тұтас және жұмсақ жиһаз жасаумен айналысады. Өндірісте қолданылатын барлық материал экологиялық тұрғыдан таза әрі мемлекеттік стандарттарға сай келеді. Жиһаз-еуропалық тауар өндірушілердің қазіргі заманғы құрал-жабдықтары мен озық технологиялар қолданыла отырып жасалады.

9F47F697-837F-421E-995C-E3E780E301E9

Серіктестік директорының өндіріс жөніндегі жетекшісі Юрий Рогановтың айтуынша, кәсіпорын бастапқыда сауда ұйымы есебінде құрылып, жиһаздарды Беларусь, Ресей, Польша елдерінен әкеліп, дүкендерде сатумен айналысқан. Сосын жұмсақ жиҺаз жасаумен шұғылданып, бара-бара матрас тігумен, орындық, үстел істеуді қолға алған. Бүгінгі таңда «Квантта» 1200 адам жұмыс істейді. Мұнда жұмысшыларды қысқарту жайында мүлдем сөз қозғалмайды. Қайта өндіріс орындарын кеңейту арқылы мамандарды одан әрі тұрақтандыруға күш салынуда. Кәсіпорын көптеген шетелдік ірі компаниялардың ресми дилері болып саналады. Еліміздің әр қаласында аталмыш серіктестіктің 2-3 дилері бар.

B2EAB826-F087-4B4E-8249-AED7E7D97D53

– Тәуелсіздікпен қатарлас дүниеге келген «Квант» ЖШС қазір дамып, өркендеу үстінде. Серіктестікте қызмет  істейтіндердің тең жартысы тікелей өндірісте жұмыс істейді. Қалған жартысы сауда нүктелерінде сатушы, есепші сияқты қызметтермен шұғылданады. Орал, Ақсай қалаларында өзіміздің жеке меншік дүкендеріміз, ал басқа аудандарда біздің тауарларымызды шығаруға, сатуға көмектесетін дилерлеріміз бар деп айта аламыз. Өндірісте жұмыс істейтіндердің жалақысы 150-160 теңгені құрайды. Қазір өндірісті кеңейту жұмыстары жүргізіліп, корпустық жиһаз өндірісі жөніндегі екінші цехтың құрылысы салынуда. Оның құрылысы алдағы жылы аяқталады. Құрал-жабдықтар негізінен Германия, Италиядан әкелінуде. Тап осы қазір Польшадан вентиляция жабдықтарын тиегін жүк көлігін күтіп отырмыз. Сонымен қатар әзір өнімдерге арналған, көлемі 12 мың текше метр қойманың құрылысы да жүргізілуде. Бұл қойма 2022 жылы пайдалануға берілмек, -дейді кәсіпорынның қаржы директоры Дмитрий Пшеничный бізбен әңгімесінде.

2E72D6D6-1F02-413C-9F08-95064D35EA9E

Серіктестікте тауардың сапасын қадағалайтын шебер болып қызмет істейтін Ерген Батырғалиевты сөзге тарттық. Ол 2008 жылдан осында жұмыс істейтін көрінеді. Жұмысын алғашқыда ораушы, буып-түйетін қызметкер болып бастаған. Өз ісіне жауапты маман бүгінде шебер деңгейіне жеткен.

– Қазір жасалып, шығып жатқан жиһаздың сапасын қадағалаймын. Істің барысын қадағалап жүріп, ара-арасында станоктарда жұмыс істеймін. Қызметім өзіме ұнайды, - деді ол өз сөзінде.

Нұрым Нұрманов,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале