7.05.2021, 15:01
Оқылды: 425

Қырандай қырағы шекарашыларды құттықтады

Бүгін БҚО әкімі Ғали Есқалиев ел шебін асқан қырағылықпен күзетіп жүрген өңір шекарашыларын Отан қорғаушылар күнімен құттықтап, бірқатарына төсбелгілер мен алғысхаттар табыстады.

E78C9A83-BDE8-491D-8083-84770B37E5DF

- Құрметті шекара қызметінің әскери қызметкерлері, сіздерді Отан қорғаушылар күнімен құттықтаймын. 7 мамыр - бейбіт  елдің тыныштығын  күзетіп, қорғап жүрген сарбаз үшін ерекше күн. Егеменді еліміз ғасырлар бойы ата-бабамыз мақсат еткен ұлан-байтақ жеріміздің шекарасын бекемдеп, мызғымастай беріктігін қамтамасыз етіп, аумақтық тұтастығын шегендеді. Шекарашыларымыз кәсіби міндетіне адалдық пен біліктілік, батылдық пен табандылық танытып, Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін нығайтуда, ұлан-ғайыр мемлекеттік шекараны қорғауда.  Жалындаған жастық дәуренін шекара шебіндегі қызметке арнаған бұл мамандық иелері біздің мақтанышымыз. Пандемияға байланысты карантиндік шектеулерге  қарамастан, шекара қызметкерлері жыл басынан бері  255 мыңнан астам жолаушы мен 180 мың көлік құралын шекара бекетінен өткізген. Шекараны аса қырағылықпен  күзетуінің арқасында жалпы салмағы 135 келіден асатын есірткі тасымалдау бойынша бес оқиғаның алдын алды. Шекараны қорғау және күзету саласы бойынша 58 құқық бұзушы, көші-қон нормаларын сақтамаған 20 құқық бұзушы ұсталды. Жедел жұмыс нәтижесінде шекарадан заңсыз өткізбек болған 1034 дана киік мүйізі тәркіленді. Сонымен қатар Шыңғырлау ауданында шекара қызметкерлері үйді тонау фактісі мен сол ауданда  ана мен баланың суицид  жасауының жолын кесті. Даңқты қолбасшы Бауыржан Момышұлының "Ел дегенде еміреніп, жұрт дегенде жүгініп қызмет еткін" дегендей, ел ертеңінің жарқын болуына аянбай еңбек ете беріңіздер. Алдағы уақытта да тәуелсіз Қазақстанның айбарын асқақтатып, "шаңырағымыздың" мызғымас тірегі болыңыздар,- деді өңір басшысы.

4FC3EA6A-9EFD-4362-948A-47DF8316631B

6F97E101-E209-45CB-AD8D-8CE96CB788D2

Салтанатты жиында бірқатар шекарашылар медальдармен марапатталды. Айта кетсек, бірінші дәрежелі "Мінсіз қызметі үшін" медалімен майор Әсет Маштаков, аға сержант Асыланбек Махатов, прапорщик Басыр Кужаев, бірінші сатылы старшина Наталья Кишиневская марапатталды. Екінші дәрежелі "Мінсіз қызметі үшін" медаліне иеленгендер қатарында  майор Саламат Кенжеғұлов және  аға сержант шеніндегі  Қайрат Әбдірахманов,  Дидар Айтқұлова,  Екатерина Ступникова, Арман Тайшурин, Ербол Шанимовтар бар.

1B1A1345-6265-4C1A-A3FD-308EB22CEF11

  Сондай-ақ іс-шарада шекарашылар ұрыс қимылдары кезінде қолданатын жауынгерлік өнерін көрсетіп, жиналғандары тәнті етті.

CA1C25C8-3F0E-49DB-AAC8-1AF44C1D875B

D62B92A6-0ED1-46DD-9DA2-6038CFE76806

068486C1-D6F4-43CC-9A4B-58124FDA2A63
2B9DA9FB-18ED-464B-A7AE-0C1CDB095B6E
Гүлсезім Бияшева
,

zhaikpress.kz

Суреттерлі түсірген Эльвира Меңдіғали

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале