5.12.2022, 15:46
Оқылды: 115

Қызыл Ай Қоғамына 85 жыл

Бүгін – дүниежүзілік еріктілер күні. БҰҰ Бас Ассамблеясының 1985 жылы жасаған ұсынысымен жыл сайын 5 желтоқсан аталып өтіледі.

IMG_20221205_134446

Оралда еріктілер күніне орай және «Қазақстан Республикасының Қызыл Ай Қоғамы» қоғамдық бірлестігінің 85 жылдығына арналған шара өтті.

Халықаралық Қызыл Крест және Қызыл Ай қозғалысы 192 елде жұмыс жасайды. Құрамында 100 миллион ерікті бар.

- Еріктілер күнін қоғамға күш пен уақытты аямай, өтеусіз көмектескендердің бәрі өз мерекесі деп санай алады. Аз қамтылғандарға материалдық және психологиялық көмек, донор болу барлығы шын жүректен жасалады. «Қазақстан Республикасының Қызыл Ай қоғамы» қоғамдық бірлестігі 85 жылдан бері әлемдегі ең ірі гуманитарлық қоғамдастық — Халықаралық Қызыл Крест қозғалысының бөлігі. Еріктілер — түрлі кәсіп пен әр жастағы адамдар. Бірақ оларды біріктіретін бір нәрсе-көмекке мұқтаж адамдармен бірге болу. Біздің миссиямыз - адамдардың қайғы-қасіретін ескеру, жеңілдету және ұлттық, нәсілдік, жыныстық белгілері, діни-саяси нанымына қарамастан қол ұшын созу деген «Қазақстан Республикасының Қызыл Ай қоғамы» БҚО филиалы қоғамдық бірлестігінің төрағасы Светлана Тенишева және барлық қатысушыларды мерекемен құттықтады.

IMG_20221205_134433

Қызыл Ай қоғамына аз қамтылған көп балалы отбасылар, жалғыз басты аналар, жетімдер, зейнеткерлер көмек алу үшін жүгінеді. Көмек түрлері киім-кешек, азық-түлік түрінде көрсетіледі. Елімізде төтенше жағдай орын алған жағдайда алғаш болып көмек қолын созатындардың бірі — Қызыл Ай Қоғамы.

IMG_20221205_134401

Жиында қоғамдық бірлестікті  бірнеше мекеме басшысы құттықтады.

- ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың әрбір қазақстандықтың әлеуметтік әл-ауқатына уақтылы ден қоюға және өмір сүру сапасын арттыруға тапсырма берген еді. Қазақстанның Қызыл жарты айы сияқты ұйымы осы мәселені шешуге елеулі үлес қосуда. 85 жыл бойы бірегей ұйым бүкіл елдегі адамдарға көмек көрсетіп келеді.  Жылы жүректі адамдарға алғыс айтқым келеді. Сіздердің арқаңызда әлем мейірімді бола түсуде, - деп құттықтады еріктілерді облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Ерлан Ғалиев.

IMG_20221205_134415

Динара Тілекқызы,

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале