24.06.2022, 17:45
Оқылды: 175

Қызылобадан қарасора табылды

БҚО ПД экстремизмге қарсы іс-қимыл және есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Жаңақала ауданы Қызылоба ауылынан 500-ге жуық қарасор өсірілген алқапты тауып, тәркіледі.

f6d2889f3144e15ad6cb05e1ad8afc6b_XL

Облыстық департаменттің баспасөз қызметі хабарлағандай, «Қарасора» республикалық жедел-алдын алу іс-шарасын өткізу кезінде 48 жастағы ауыл тұрғыны 427 түп каннабис өсіргені анықталды. «Бағбанның» тұрғылықты жері бойынша қарасора шегуге арналған құрылғы тәркіленді. ҚР ҚК 300-бабының 1-бөлігіне сай (құрамында есірткі заттары бар, өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз өсіру) аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале