5.05.2021, 12:48
Оқылды: 215

Қызымның құлағы естісе екен

Қазақстандықтардан, барша жомарт жандардан қасиетті Рамазан айында Орал қаласының екі жасар тұрғыны, қызымыз Әмина Нұрсұлтанқызы Мағжановаға қолдау көрсетуіңізді сұраймын. Қызым Әмина 2019 жылы 2 маусымда дүниеге келді.

EC20CC48-19AF-4864-A698-20F3C806518B

Дүниеге келгенде 3 санатты оң жақ құлағының микротиясы және құлақ түтігінің атрезиясы (Врожденная правосторонняя микротия и атрезия слухового прохода, кондуктивная тугоухость 3 степени) диагнозымен туылды. Мұндай күрделі отаны (құлақ каналын ашу және құлақ қалқанын жасау) Үндістан және АҚШ-та жасайды. Қазақстанға келіп ота жасап жүрген үндістандық дәрігер Ашеш Бхумкар бізге көмектесе алатынын айтты. Бірақ отаның құны 32000$ екен. Біздің жас отбасымызда мұндай қаржы жоқ. Отаны 3 жасқа дейін жасау қажет. Өйткені баланың бас сүйегі қатайып кетсе, құлақ каналы ашылмай қалады екен. Қазір қызым тек бір құлағымен ғана естиді, бірақ сау құлағы өте күрделі күтімді қажет етеді. Барлық салмақ сау құлағына түскендіктен, уақыт өте ол құлағы да естімей қалу қаупі бар. Мұндай диагнозбен туылған балалардың тілі жай шығады екен. Әмина екі жасқа келіп қалды, сөздік қорында "Мама" деген тек бір ғана сөз бар. Осыған орай, сәбидің болашағына бейжай қарамайтын тұрғындардан @help_amina_sluh инстаграмм желісі арқылы көмек сұраудамыз. Қолдау көрсетіп, қолұшын созамын дейтін тұрғындарға төменде реквизиттеріміз көрсетілген. Көрсеткен көмектеріңіз Алладан еселеп қайтсын.

68C17E86-2C5E-44C4-90CE-730E0A5557C3

Реквизиттер: Каспий голд  4400  4301  8504  2881

8707  850  08 16  Айнаш Сахарова (Әминаның анасы)

8747  414  02  57 Нұрсұлтан Бисенғалиев ( Әминаның әкесі)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале