Қазақстандық боксшы Ләззат Күнгейбаева Нью-Делиде (Үндістан) өтіп жатқан бокстан әйелдер арасындағы әлем чемпионатында күміс медаль алды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Фото: prosports.kz
81 келіден жоғары салмақта өнер көрсеткен жерлесіміз финалда марокколық Хадиджа Мардиден жеңіліп қалды.
Осылайша, Ләззат Күнгейбаева осы чемпионатта Қазақстан қоржынына екінші күміс медальді салды.
Нью-Делиде өткен әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы бұдан бөлек тағы бір күміс медаль (Карина Ибрагимова) мен төрт қола жүлде (Алуа Балқыбекова, Надежда Рябец, Валентина Хальзова және Фариза Шолтай) алды.
24.03.2023, 9:01