4.07.2022, 9:15
Оқылды: 58

Мәдениет министрлігі Елбасы стипендиясының атауын өзгертуді ұсынды

Ашық НҚА порталында «ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасының мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендиясының» атауын өзгерту туралы Прездент Жарлығының жобасы жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

220704095216067e

Сурет: ҚазАқпарат

Құжат жобасын әзірлеген орган – ҚР Мәдениет және спорт министрлігі.

«Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 3 сәуірдегі №369 Жарлығына мынадай өзгерістер енгізілсін: тақырыбы «Мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендияны тағайындау туралы» деген редакцияда жазылсын» делінген жарлық жобасында.

Яғни, «ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасының мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендиясы» деген атау «Мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендия» деп өзгертіліп отыр.

Ал стипендияның мөлшері бұрынғыдай 55 айлық есептік көрсеткіш (174 900 теңге – ред) көлемінде қалады.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале