18.05.2021, 11:16
Оқылды: 263

Махамбет университетінде профессор-оқытушылар құрамы арасындағы байқау қорытындыланды

М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінде жаңартпашылық технологиялар және цифрландыру департаментінің әдістемелік жұмыс және білім беру технологиялары бөлімінің ұйымдастыруымен профессор-оқытушылар құрамы арасындағы «Оқытудың инновациялық технологияларын енгізу» байқауы өтті. Дәстүрлі түрде өтетін байқау мамандар даярлаудағы сапаны арттырудың жаңа жолдарын іздеу, профессор-оқытушылар құрамы  жинақтаған тәжірибені көрсету және оқытудың тиімділігін арттыру мен білім беру бағдарламаларын оқу-әдістемелік тұрғыдан қамтамасыз етуде  кафедра ұжымының жұмысын ынталандыру,  жаңартылған білім беру мазмұны аясында қашықтықтан оқытуда инновациялық технологияларды оқу сабақтарында қолдана отырып оқытушыларды сапалы кәсіби қызметке бейімдеу  мақсатында өткізіледі.

Комиссия

Байқаудың мақсаты оқытудың инновациялық технологияларын түсіну мен қолдану арқылы профессор-оқытушылар құрамының кәсіби біліктілігін жетілдіру, сондай-ақ инновациялық педагогикалық тәжірибені насихаттау мен тарату. Байқау міндеттері: инновациялық қызметті дамыту, профессор-оқытушылар құрамының белсенділігін арттыруға жәрдемдесу, инновациялық білім беру үрдісін жетілдіру және дамытудың ақпараттық технологияларын пайдаланып, білім қорын қалыптастыру боп табылады.

«Оқытудың инновациялық технологияларын енгізу» байқауы жыл сайын ІІ кезеңде, I кезең факультетте өтсе, II кезең университетте өткізіледі. 2020-2021 оқу жылында байқаудың I кезеңіне 24 инновациялық жоба ұсынылды. Байқаудың I кезеңінің қорытындысы бойынша II кезеңге 13 жұмыс жолданды.

2021 жылдың 15-16 сәуір күндері М.Өтемісов атындағы БҚУ профессор-оқытушылар құрамы арасында инновациялық жобалар байқауының II кезеңі өткізілді. Ұсынылыған  жобалар  жобаның мақсат-міндетінің нақтылығы, жобаның  ғылыми жаңашылдығы; инновациялық өнімнің, жоба қорытындысының шынайлығы мен дәлдігін анықтау; оқытудың инновациялық технологиясының әдістемелік қамтамасыз етілуінің сапасы; оқу үрдісіне инновациялық технологияны енгізу деңгейі (инновациялық технологиямен қамтылған оқу сабақтарының түрлері); инновациялық технологияны қолдану барысында студенттердің білім сапасының артуы; жаңартылған білім мазмұны аясында инновациялық және қашықтан оқыту технологияларын оқу сабақтарында қолдана алуы сынды критерийлер бойынша бағаланды.

Байқау қорытындысы және комиссия шешімі бойынша 13 жобаның ішінен үздік 6 жоба анықталды, олар I, II, III дәрежелі дипломдармен және қаржылай сыйақымен марапатталды

I дәрежелі дипломмен биология және экология кафедрасының аға оқытушысы Cветлана Бохорова «Применение сайта Padlet для дистанционного обучения»; II дәрежелі дипломмен химия кафедрасының доценті Гүлия Сдикова «Новые технологии в преподавании химических дисциплин»; II дәрежелі дипломмен педагогика және психология кафедрасының  аға оқытушысы Светлана Қалаханова «ЖОО оқу үдерісінде Padlet виртуалды тақтасын қолдану мүмкіндіктері»;  III дәрежелі дипломмен экономика және менеджмент кафедрасының доценті Гулнар Сүлейменова мен «Экономика» білім беру бағдарламасының магистранты Али Сағынов «Цифрлық технология: тиімді оқытудың кешенді әдістері»; III дәрежелі дипломмен бейнелеу өнері және дизайн кафедрасының оқытушысы Алия Есенгалиева «Дәстүрлі көркем тоқыма өнер әдісін әйел адам киімін жобалауда қолдану»; III дәрежелі дипломмен мектепке дейінгі және бастауыш білім беру кафедрасының аға оқытушысы мен оқытушысы Лариса Федорченко, Гульмира Мухиева «Использование Coogle приложения: таблиц, документов, презентаций в образовательном процессе ВУЗа» тақырыбындағы жобалар марапатталды және байқаудың қорытынды кезеңінің 7 қатысушысына алғыс хаттар табыс етілді. Байқауға ұсынылған барлық жұмыстар «Озық педагогикалық тәжірибе мектебі» жинағында жарияланатын болады.

                                                                                    Рита Сұлтанғалиева,

М. Өтемісов атындағы БҚУ баспасөз қызметі

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале