23.01.2025, 12:30
Оқылды: 55

Мектептегі білімнің сапасын бағалаудың ұлттық жүйесі RCEC халықаралық сапа белгісін алды

Білім алушылардың білім жетістіктерін мониторингілеу ұлттық құралы (ББЖМ) халықаралық аккредитациядан өтті. Бүгін Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев пен Халықаралық сараптама және сертификаттау ғылыми-зерттеу орталығының (RCEC) директоры Арнольд Брауердің кездесуі өтті. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі жазды.

6ae6ea74980e99b335d1937a4a7d69e8_1280x720
ББЖМ - оқушылардың білім сапасын, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын (МЖМБС) меңгеру деңгейін айқындайтын ұлттық құрал болып табылады. 2023-2024 жылдар аралығында Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі ББЖМ халықаралық аккредиттеу процесіне бастамашылық етті.

Ғани Бейсембаевтың айтуынша, ББЖМ ұлттық құралының халықаралық аккредитациядан өтуі оның сенімділігін, шынайылығын және халықаралық сапа стандарттарына сәйкестігін растайды. ББЖМ-нің барлық кезеңдері мен процедуралары PISA, TIMSS және PIRLS сияқты белгілі зерттеулерде қолданылатын ғылыми тәсілдерге негізделген.

 

d43a76cf2ecb6385f17bb4be2eb9b4f7_1280x720

Сурет: gov.kz
«Қазақстан білім сапасын арттыру жолында сенімді қадамдар жасауда. ББЖМ-нің халықаралық танылуы – озық тәсілдер мен стандарттарды енгізуге бағытталған бағдарымыздың дұрыстығын дәлелдейді. Біз уақыттың сын-қатерлеріне төтеп бере алатын және жаһандық білім беру қауымдастығына сәтті интеграциялануға қабілетті жүйе құрудамыз. Бұл жетістік білім сапасын одан әрі арттыруда маңызды кезең болатынына сенімдіміз», – деді министр.

Халықаралық сараптама және сертификаттау ғылыми-зерттеу орталығының (RCEC) директоры Арнольд Брауер атап өткендей, Қазақстанның ұлттық бағалау жүйесі Орталық Азия аймағындағы бірлескен бағалау жобаларының негізі немесе бір бөлігі бола алады.

«Қазақстандық білім беру жүйесі қазірдің өзінде жақсы нәтиже көрсетуде. Ынтымақтастықтың екі жылында ББЖМ аккредитациясының 7 кезеңі жүзеге асырылды, олар бағалау жүйесін әзірлеуді, тест сұрақтарының базасын құруды, барлық қатысушылар үшін нұсқаулық әзірлеуді, цифрлық платформада тестілеуді әкімшілендіруді, халықаралық стандарттарға сәйкес нәтижелерді талдауды қамтиды. Бұл білімді бағалау жүйесін дамытудағы маңызды қадам», – деп атап өтті Арнольд Брауер.
Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале