21.05.2021, 13:37
Оқылды: 1529

Мирболат Ерсаев – «Рухани қазына-2021» фестивалінің жеңімпазы

Мәдениет және өнер саласы ұйымдары мен қызметкерлерінің «Рухани қазына – 2021» фестивалінде "Үздік облыстық маңызы бар мемлекеттік музей қызметкері" номинациясы бойынша Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейінің директоры Ерсаев Мирболат Бижанұлы жеңімпаз атанды.

IMG-20210521-WA0001

Мирболат Бижанұлы Көкше өңірінде өтіп жатқан «Рухани қазына – 2021» фестивалі барысында ғылыми-шығармашылық қауыммен бірге Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұловамен кездесті, деп хабарлады Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейінің ресми парақшасы. «Рухани қазына – 2021» фестивалінің ашылу салтанатында Қазақстан Республикасының Мəдениет жəне спорт министрі Ақтоты Райымқұлова: "Жаһандану заманында рухани құндылықтардың мәні бұрынғыдан да арта түсті. Өйткені бүкіл әлем заманауи технологиялар тілін меңгеруде. Біздің ел де бұл үрдістен қалыс қалмайды. Өз кезегінде мұндай үрдістен мәдениет пен өнер саласы да тыс қалмауы тиіс. Себебі рухани азықтың қайнар бұлағы білім мен әдебиетте, өнер мен мәдениетте жатыр. «Рухани қазына» байқауына биыл 15 өңірден 313 өтінім келіп түсті, - деген.

IMG-20210521-WA0000

185 жылға жуық тарихы бар Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейі - Қазақстандағы ең көне музейлердің бірі. Бүгінде Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейінің қорында 200 мыңға жуық экспонат бар.

Жәңгір хан қазақтарға ыңғайлы әрі тиімді тұрмыстың үлгісі ретінде 1827 жылы Нарын құмының Жасқұс деген жеріне Хан сарайын салдырады. 1828 жылы сарайдың бір бөлмесіне әулеттік-династиялық құнды заттарды, ат әбзелдерін, жауынгер қару-жарағын жинастырып, қару-жарақ палатасын ұйымдастырады. Бұл - қазақ жерінде ашылған тұңғыш музей десек, оған биыл 193 жыл толмақ.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале