11.05.2021, 11:32
Оқылды: 231

Оқушылардың жылқы көңінен қағаз алу жобасы халықаралық жарыста жүлдеге ілікті

Орал қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары Адия Ағеділова мен Әсем Амангелдина  INSPO халықаралық ғылыми жобалар конкурсында ІІІ орынға ие болды. Жарысты 2007 жылдан бері Түркия ұйымдастырып келеді. Оралдық жас зерттеушілер табиғи қорды сақтау, қалдықты қайта өңдеу мақсатында жылқы көңінен қағаз алу жолын ұсынды.

BAB882B7-EAE3-4E27-B63A-0BED5EEB2961

Бәрімізге белгілі жылқы көңі негізінен ағаш құрымында кездесетін целлюлозадан тұрады. Бағалы және сұранысқа ие материалдарды синтездеу үшін тек қана жануардың қалдығы, қажетті ағаш массасын бөліп алу үшін бірнеше химиялық зат қана керек екен.

Авторлардың айтуынша, қала тұрғындары арасында сауалнама жүргізіліп, жобаның теориялық және эксперименттік бағыты талданған.

546FBA4E-E29C-41A2-945A-E9BB3CDFEB51

Зерттеу жұмысы қазылар алқасының мүшелерінің үлкен қызығушылығын тудырды, өйткені бұл жоба оқушылардың экологиялық және экономикалық сауаттылығымен байланысты, қағаз жасау технологиясы, оның орман қорына әсері, баламалы шикізатты қолдану мүмкіндігі және қағазды үнемдеу мәселелері туралы білімді біріктіреді. Осыған орай байқаудың қазылар алқасы Адия мен Асемге арнайы сыйлық –  MILSET халықаралық іс-шарасына шақыру берді

– Қағаз үлгілерін алуда механикалық әдістер қолданылды, сондықтан арнайы қағазды бастыру құралдары мен желім, қоспаның көмегімен сапасын әлі де жақсартуға болады. Ал мына үлгінің сапасы майлық пен  дәретхана қағаздары сипаттамалары бойынша қанағаттанарлық,– дейді Адия.

Ғылыми жобаның нәтижелері мен қорытындысы негізінде оқушылар  қағазды алу технологиясы, оның ағаш ресурстарына әсері, балама шикізатты қолдану мүкіндіктері, қағазды үнемдеу мәселелері туралы оқушылардың экологиялық, экономикалық сауаттылығын арттыру мақсатында мектептерде сыныптан тыс шараларды жиі өткізуді ұсынады.

94DCACC4-F3BF-4D03-8597-C1CD7B314FDA

Алдағы уақытты жылқы көңінен қағазды алу кезеңдерінде толықтырғыштар, желімдер  арқылы оның қасиеттерін жақсарту, жыртылуға төзімділігі, зольдігі, ылғалды ортада ісінуі (гидрокеңеюі), оптикалық қасиеттерін стандартты сынамалар арқылы тексеруді көздеп отыр. Сонымен қатар жылқы көңінен алынған целлюлозаны ыдырату арқылы биогазды алу жолын зерттеу және оның экономикалық есебін шығару да алдағы күннің еншісінде. Бұл бағыттағы зерттеу баламалы энергия көзін алу мәселесінің шешімін табуға мүмкіндік береді, себебі метан бензинге қарағанда экологиялық тиімді, ал сутекке қарағанда үш есе  энерготиімділігі жоғары және қауіпсіз тасымалдау мүмкіндігі жоғары.

Айдана Хамидуллина,

Оралдағы Назарбаев зияткерлік мектебінің баспасөз хатшысы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале