7.05.2021, 18:03
Оқылды: 621

Оралда «Қазақстан барысының» облыстық кезеңі өтуде

Бүгін Орал қаласында Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың жүлдесі үшін қазақ күресінен ересектер арасындағы «Қазақстан барысының» облыстық іріктеу турнирі өтуде.

IMG-20210507-WA0166-01

Жарысқа Ақжайық, Бәйтерек, Бөкейорда,  Бөрлі, Жаңақала, Жәнібек, Казталов, Қаратөбе, Сырым, Тасқала, Теректі, Шыңғырлау аудандарынан және Орал қаласының спортшылары қатысуда.
​Аталған жарыс қазақ күресін одан әрі дамыту және қеңінен тарату, салауатты өмір салты қағидаларын бекіту, спортшылардың кәсіби шеберлігі деңгейін арттыру мақсатында ұйымдастырылуда. Жеңіске жеткен екі жеңімпаз шілде айында Астана қаласында өтетін «Қазақстан барысы» Республикалық турниріне жолдама алмақ.
Шараның ашылу салтанатына қатысқан облыс әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетов қала тұрғындары мен қонақтарын бүгінгі Отан қорғаушылар күнімен және келе жатқан Ұлы Жеңістің 76 жылдығымен құттықтап, турнирге қатысушы палуандарға сәттілік тіледі.

Жарыс карантин талаптарына сай көрерменсіз өтуде.

Ләззат Шағатай,
суретке түсірген автор
zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале