Қала күнін мерекелеу аясында және Орал қаласының имиджін арттыру мақсатында «Үздік маман» байқауына құжаттарды қабылдау басталды. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Байқау аталымдары:
"Үздік электрик"
"Үздік сантехник"
"Үздік құрылысшы"
"Үздік тігінші"
"Үздік мұғалім"
"Үздік медицина қызметкері"
"Үздік жүргізуші”
Байқауға Орал қаласының барлық тұрғыны қатыса алады.
Конкурсқа қатысу үшін қатысушының еңбек тәжірибесі мен табыстары туралы ақпарат беру қажет.
Конкурстарға қатысу үшін өтінімдер 20 тамызға дейін қабылданады.
Байқаудың қорытындысы қала күніне арналған салтанатты іс-шарада анықталып, марапатталады.
Байқауға қатысты барлық сұрақтарды +77089526680 (Тасболат Серікқалиұлы) телефон нөмірі арқылы білуге болады
7.06.2023, 12:30