3.08.2021, 17:31
Оқылды: 172

Оралда жастар арасында футболдан турнир өтті

«Спорт - біздің серігіміз». Дәл осындай ұранмен Орал қаласының базар және жұмысшы жастар арасында футбол турнирі өтті. Аталмыш турнир «Орал жастары» және «Jas Otan» ЖҚ БҚОФ-ның ұйымдастырумен өткізілді.

20210803_172408

Турнир базар жастарын қоғамдық шараларға тартып уақыттарын тиімді өткізу үшін ұйымдастырылған. Спортты жаны сүйетін жастар доп додасында әдемі ойын өрнегін көрсетті. Теңбіл доп додасында 10 команда бақ сынады. Үздіктер қатарынан көрінгген командалар жеңіс тұғырынан көрінді.

20210803_172341

"Башня" командасы оқ бойы озып шықса, ал "Жастар" командасы жүлделі екінші орынға ие болды. Үздік үштікті "Бостандық" командасы түйіндеді. Сондай-ақ Акежан Шамеров "Үздік қақпашы", Ерқанат Құбайдулла "Үздік шабуылшы", Аян Шалабаев "Үздік қорғаушы" атанды.

20210803_172330

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале