15 шілдеден бастап Ресей құрлықтағы шекарада 2020 жылы коронавирус инфекциясына байланысты енгізген шектеулерін алып тастайды. Бұл туралы дүйсенбі күні ковидке қарсы күрес жедел штабы хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Сурет: Egemen.kz.
Жедел штабтың талқылау қорытындысы бойынша 15 шілдеден бастап Ресейдің мемлекеттік шекарасын кесіп өтуге салынған уақытша тыйымды алып тастау жөнінде шешім қабылданды.
Бұған дейін 14 маусымнан бастап эпидемиялық жағдайдың жақсаруына байланысты шетел азаматтарының Ресейге теңіз және әуе бекеттері арқылы кіруіне рұқсат берілген еді. Бірақ көліктердің кіруіне шектеу алынбаған болатын.
Еске салайық, Ресей коронавирустың таралу қаупіне байланысты 2020 жылдың наурыз айында шекарадан өтуге шектеу қойған еді.
17:578.08.2022
Қазақстанда рейстер кешіккен жағдайда жолаушыларға төленетін өтемақы өсуі мүмкін
17:448.08.2022
Банктердің экономикадағы маңыздылығы артып келеді – Ұлттық Банк
17:008.08.2022
БЖЗҚ-дағы қаражатты ең көп шешіп алған ел аймақтары анықталды
16:468.08.2022
Алматыдағы әйел мен екі баланың өлімі: прокурорлар істі өз бақылауына алды
8.08.2022, 17:44
8.08.2022, 17:00