11.05.2022, 15:15
Оқылды: 62

Ресейлік Бивол әлемдік рейтингте Головкинді басып озды

Беделді BoxRec порталы салмақ дәрежесіне қарамастан (P4P) әлемнің үздік боксшыларының 10 үздік рейтингін жаңартты, - деп хабарлайды Vesti.kz сайты.

01

"Ушатайка" Telegram-арнасының мәліметінше, ресейлік боксшы Дмитрий Бивол 17-орыннан екінші орынға ауысып, Геннадий Головкинді үшінші орынға ығыстырған. Рейтингте бірінші орынды мексикалық Сауль Канело Альварес иеленді.

Тайсон Фьюри рейтингтен шығарылған, себебі, BoxRec оны мансабын аяқтаған боксшы мәртебесіне ауыстырды. Сонымен қатар, Артур Бетербиев BoxRec тізімінде канадалық деп белгіленген.

Еске салайық, 7 мамырда мексикалық Сауль Альварес ресейлік Дмитрий Биволдан жеңілген болатын. Бивол мексикалыққа қатты қарсылық көрсетіп бірауыздан жеңді. WBA Super, IBF және IBO тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин ресейлік спортшыны жеңісімен құттықтады.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале