8.08.2022, 9:30
Оқылды: 76

Самархановтай саңлақты ұмытуға бола ма?!

Жұмыста отыр едік, телефон шыр ете түсті. Арғы жақтан амандық-саулық сұрасқан азамат әуелі біздің қашаннан бері жұмыс істейтінімізді (газеттегі өтілімізді) сұрады. Тиісті жауабын алғаннан кейін «онда сіз Самарханов Құрманқожа деген атақты жүргізушіні білетін шығарсыз?..» Білгенде қандай! Өткен ғасырдың сонау 70-80-жылдары Самархановтың атағы облысты айтасыз, республика бойынша дүрілдеп тұрып еді. Газеттер бұрқыратып жазып, теледидарлар жарқыратып көрсетіп жататын. Кездесіп, сұхбаттаспасам да сырттай жақсы білгенмін. Мынау телефон шылдырлатып тұрған Құрекеңнің туған балдызы – Құмаров Сейфолла деген азамат екен. Тайпақтың Сайқұдығынан. Бұл азамат та  «жездесіне тартып» ғұмыр бойы аутомобиль жүргізушісі болыпты. «Самарханов туралы мақала жазу керек,  олай деуімнің сойылдай себебі бар...» - деді ол. Сосын оны тәптіштеп тұрып түсіндірді. Ол туралы баянымыздың соңында айтамыз. 

IMG-20220808-WA0004

Сол Сейфекеңнің қоңырау соққан күнінен бастап, Құрманқожа Төлепбергенұлы Самарханов туралы мәлімет жинауға  кірістік. Өзімен кездесейік десек, Құрекең өмірде жоқ, 2002 жылы мамыр айында дүниеден озған. Зайыбы Ырысты Құмарқызы да бақилық болған. Ұл-қыздары кең байтақ Қазақстанның түкпір-түкпірінде еңбек етіп жатыр. Енді қайттық деп тұйыққа тірелдік...

IMG-20220808-WA0003

Мақаланың толық нұсқасын "Орал өңірі" газетінің №92 нөмірінен оқи аласыздар! 

Есенжол Қыстаубаев, 

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале