2.03.2021, 19:26
Оқылды: 209

Шаңғы жорығы ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналды

Биыл еліміздің Тәуелсіздік алғанына 30 жыл толады. Тәуелсіздік жылдарында Қазақстан шетелдік инвестицияларды тарту бойынша ТМД елдері арасында көшбасшы мемлекетке айналды. 120-дан астам ел ресми түрде мойындап, Қазақстанмен дипломатиялық қарым-қатынас орнатты. Қазақстан БҰҰ-ның толыққанды және белсенді мүшесі, сондай-ақ Еуроодақ, Еуропалық Қайта Құру және даму банкі, Халықаралық Валюта Қоры, МАГАТЭ, Қызыл Крест, ЮНИСЕФ және ЮНЕСКО сияқты ықпалды халықаралық ұйымдармен ынтымақтастықты нығайтуда.

A71F6B04-3B11-4399-9340-9DCD7B66EDA0

2 ақпанда осы мерейтойлық датаға орай "Атамекен" балалар-жасөспірімдер туризмі және экология орталығының он қосымша білім беру педагогі Шаған өзенінен 30 км қашықтықта шаңғымен өтті. Демалыс күнгі жорық бағыты Бәйтерек ауданы Макаров кенті - Орал қалалық БЖТЭО "Атамекен" бағыты бойынша өтті.

Макаров кентінде жорыққа қатысушылар Макаров жалпы орта білім беретін мектебінде болды. Мектеп мұражайында жорыққа қатысушыларға экскурсия өткізіліп, тәлімгер Н.Жасуланова ауылдың тарихын, оның негізін қалаушылар Макаровтар, Сладковтар туралы айтып берді. Макаров ауылы бұрын бақша өсірумен танымал болған. Қазір Макаров кентіндегі негізгі кәсіп - картоп өсіру.

7587E695-92A2-4236-A2AE-6E74CAED6134

Сағат 11.00-де мұғалімдер метеорологиялық жұмыстар жүргізіп, шаңғымен Орал қаласына қарай бет алды. Бірінші Новенькое ауылының маңына аялдап, метеорологиялық жұмыстар жүргізіп, біраз демалып, жолға шықты. Педагогтар 12.35-те Шаған өзенінің оң жағалауында орналасқан "Алаш" демалыс базасының жанынан өтті. Шаған өзенінде балықшы кездесіп, шортанды қалай ұстайтынын әңгімелеп берді, сондай-ақ жорыққа қатысушылар өзенді жүгіріп өткен түлкіні кезіктірді. Жорық барысында оңтүстік-батыстан соққан қатты желдің салдарынан қозғалыс қиындады.

15.45-те шаршаған шаңғышылар "Атамекен" БЖТЭО-на келді. Жорық аяқталғаннан кейін метеорологиялық жұмыстар жүргізіліп, жорық қорытындылары талқыланды.

 Ж.Кишаубаева,

"Атамекен" БЖТЭО-ның қосымша білім беру педагогі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале