Қазақтың белгілі ағартушысы, қоғам қайраткері Мұхамеджан Сералин өмірін ағартушылыққа арнаған адам. Оның ағартушылық еңбектеріне кезінде қазақ оқығандары бағасын бергенде болатын.
Фото: ehistory.kz
Оның «Топжарған» (1900) дастаны Кенесары Қасымов бастаған көтерілісті көз алдымызға келтірсе, «Гүлқадишам» (1903) дастаны екі жастың аянышты махаббатын жырлайды.
Оның ұйымдастыруымен 1905-1907 жылдары Тройцкіде «Айқап» журналы шығып тұрады. Онда қазақ тұрмысы, қарапайым халық дәстүрі, аңыз-әңгімелер жарияланып отырған.
Қазан төңкерісін қуана қарсы алған Мұхамеджан Сералин 1921-1922 жылдары Шұбар болысының төрағасы болады. Алғашқы ұжымдық шаруашылықтарды құруға араласады.
1923 жылдан таза шығармашылыққа ауысып «Ауыл» газетінің редакторы болады. Оның қаламынан 60-қа тарта публистикалық мақала мен аударма, оның ішінде Фирдоусидің «Шахнама» дастаны, В.Жуковскийдың «Рүстем-Зораб» туындысы, А.Сорокиннің «Жусан» повесі қазақ тіліне тәржімаланады.
Зулхожа
Шарафутдинов,
zhaikpress.kz