5.06.2023, 10:30
Оқылды: 160

Ұлттық құрама Amsterdam Sevens турниріндегі атағын қорғап қалды

Регби 7-ден Қазақстан əйелдер құрамасы Нидерланд астанасында аяқталған Amsterdam Sevens халықаралық турнирінің жеңімпазы атанды. 
48ecb3813ed7b71fda7d15695796200a

Фото: kazsports.kz

Ұлттық құрама дəстүрлі бəсекеде барлығы 7 ойын өткізіп, бəрінде жеңіске жетті. Бұл қатарда Латвия құрамасы мен Нидерландтың жоғарғы дивизионындағы клубтар бар.

Айта кетейік, былтыр Қазақстан әйелдер құрамасы финалда Польшаны 12:7 есебімен жеңіп, осы сында чемпион атанған. Ал 2019 жылы өткен Amsterdam Sevens турнирінде әйелдер арасында «Алматы» клубы жеңіске жеткен. Олар финалда Аустралияның «Рэндуик» клубынан 14-12 есебімен басым түскен.

Amsterdam Sevens – 50 жылдық тарихы бар Еуропадағы беделді турнирдің бірі (алғаш рет 1972 жылы өткен). Бәсекенің ерекшелігі Ұлттық құрамалармен қоса кез келген кәсіби клуб жарнасын төлеп қатыса алады. Әр команда кем дегенде 5 ойын өткізеді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале