5.12.2022, 9:00
Оқылды: 50

Вице-министр жұмыс сапарымен Орал қаласына келеді

Құрметті өңір тұрғындары!

Желтоқсанның 5-і күні ҚР Сауда және интеграция бірінші вице-министрі Арман Абайұлы Шаққалиев Орал қаласында болып, азаматтар және қоғам өкілдерімен кездеседі.

шаккалиев

Вице-министр жұмыс сапары барысында  азаматтарды жеке қабылдап, коммерциялық емес ұйымдармен (партиялық және қоғамдық ұйымдар, са-лалық қауымдастықтар және т. б.) бизнес қоғамдастығының өкілдерімен кездесулер  өткізбек.

Негізгі іс-шаралардың легі Исатай-Махамбет көшесі, 84 мекенжайындағы «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасында өтеді.  Бизнес-қоғамдастық, қоғамдық ұйымдардың өкілдерімен кездесу сағат 14.30-15.10, баспасөз мәслихаты  15.10-15.30, азаматтарды қабылдау 15.30-16.00 уақыт аралығында өтеді деп күтілуде.

Гүлжамал Жолдығали,
zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале