Warning: session_start(): open(/tmp/sess_bimbus7ch33dveqvdo42n3dka6, O_RDWR) failed: No space left on device (28) in /www/wwwroot/zhaikpress.kz/wp-content/themes/zhaik_2024/functions.php on line 288

Warning: session_start(): Failed to read session data: files (path: ) in /www/wwwroot/zhaikpress.kz/wp-content/themes/zhaik_2024/functions.php on line 288
Жайық Пресс - Халық көші-қоны - официальные новости ЗКО
13.11.2025, 10:00
Оқылды: 173

Халық көші-қоны

9 айдың қорытындысы бойынша Қазақстанға тұрақты тұру үшін 16,1 мың адам қоныс аударды. Елге келгендердің саны әлі де кеткендер санынан басым болып отыр. Қаңтар-қыркүйек аралығында елден 5,9 мың адам көшіп кеткен, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 41,4% аз. Көші-қон сальдосы оң мәнде қалып отыр – 10,2 мың адам, - деп жазады Ұлттық статистика бюросы

5233317921495389432

Елдің негізгі көші-қон алмасуы ТМД мемлекеттерімен жүзеге асырылады. Достастық елдерінен келгендердің үлесі 82,7%, ал осы елдерге кеткендердің үлесі – 73,2%. Басқа мемлекеттерден келгендердің ішінде Қытай, Моңғолия және Түркия азаматтары басым.

Қазақстанға қоныс аударғандардың көпшілігі Алматы облысына – 4,4 мың адам, Алматы қаласына – 2,6 мың адам, Маңғыстау облысына – 2,3 мың адам және Астана қаласына – 1 мың адам көшіп барған.

Ел ішіндегі көшіп-қонушылар саны 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 22,8% артты. Өңіраралық көші-қон бойынша оң сальдо төрт өңірде қалыптасты: Астана – 67,2 мың адам, Алматы – 27,8 мың адам, Шымкент қалаларында – 13 мың адам және Алматы облысында – 8 мың адам.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале