1.07.2022, 9:15
Оқылды: 72

Жалғызбасты ата-аналарға қашықтан жұмыс істеу құқығы берілуі мүмкін

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жалғызбасты ата-аналардың қашықтан жұмыс істеу құқығын заңнамалық тұрғыдан бекіту мәселесі пысықталуда. Бұл туралы Президент жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демо­графиялық саясат жөніндегі Ұлт­тық комиссияның кезекті отырысында айтылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

2022_07_01_e1db3e43-e468-4cfd-a986-f0cbe0476c65

Сурет: Egemen.kz.

«Біздің отандастарымыздың өмірінде «жұмыс» және «отбасы» арасындағы теңсіздікті байқап отырмыз. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жалғызбасты ата-аналардың қашықтан жұмыс істеу құқығын заңнамалық тұрғыдан бекіту мәселесі пысықталуда. Бұл ретте сарапшылар кәмелеттік жасқа толмаған балалары бар ата-аналардың барлығы бірдей құқыққа ие болуы керек деп есептейді. Осы мәселеге қатысты біз де уәкілетті органға тиісті ұсыныстар енгіздік», деді Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Александр Данилов.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале