29.11.2022, 18:36
Оқылды: 351

Жаңа пилоттық жоба іске қосылады

Бүгін облыстық қоғамдық кеңес отырысында қоғамдық бақылауды ұйымдастыру, оның заңды негіздерін және қаржыландыру тетігін анықтау мәселесі қаралды.

53d9942a-9399-4d67-8b93-f24522852a15
Жиында өңір әкімі Ғали Есқалиев президенттің: «Мемлекеттік органдар қанша тырысқанымен қоғамның қолдауынсыз жетістікке жете алмайды. Ал азаматтар адалдық идеологиясын дамтыулары тиіс» деген сөзін негізге алып, мемлекеттік органдардың, квази мемлекеттік сектордың қоғам алдындағы ашықтығын және есептілігін қамтамасыз етуге жол ашатын қоғамдық бақылау туралы заңды әзірлеп, қабылдауды тапсырғандығы еске салды.
-Мемлекет басшысы жүктеген көптеген экономикалық-саяси реформа бар. Солардың бірі - қоғамдық бақылауды күшейту. Өңірде де мәселелер бар. Мемлекеттік мекемелердің жұмысына тұрғындардың наразылығы көп. Мемлекеттік органдардың штаты жылдан жылға қысқарады. Ал жұмыс қарқыны көбейеді. Облыста құрылыс және күрделі жөндеуге байланысты 200-ге жуық жоба бар. Біздегі бір-екі басқармада үш-төрт маман ғана жұмыс жасайды. Барлық жобаға жіті қадағалау қажет. Алайда бізде физикалық мүмкіндік жоқ. Сол себепті де біз үшін қоғамдық бақылау аса маңызды, - деді Ғали Нәжімеденұлы.
Басқосуда БҚО әділет департаменті басшысының орынбасары Естай Рашқалиев, Әділет министрлігі 2023 жылы қарайтын заң жобалары әлі жоспарланып жатқандығын мәлімдеді. Естай Елтайұлының айтуынша, нормативті құқықтық актілернің қалай жүзеге асып жатқандығын кез келген азамат бақылай алады. Ашық НҚА порталында барлық тұрғынның ұсыныс-пікір қалдыруына шектеу жоқ.
Қоғамдық бақылауды күшейтуде цифрлы технология мен QR жүйесінің тиімділігі туралы облыстық цифрлық технологиялар басқармасының басшысы Нұрсұлтан Нұрлан баяндады.

нурлан нурсултан
- Қоғамдық бақылауды күшейту мақсатында жаңа технологияларды енгізсек деген ұсынысымыз бар. QR жүйесін қолдана отырып, өңір тұрғындарымен кері байланыс орнатамыз.

Яғни мекемелердің қызмет көрсету сапасына халық қанағаттана ма, әлде керісініше ме соны біле аламыз. Кез келген тұрғын QR-ды сканерлеп сауалнамадан өтеді. Тіпті тілегін, шағымын, пікірін қалдыра алады. Ол ақпарат орталықтандырылған платформаға жіберіледі.

7dc2cf60-44e6-4cd3-a4d3-9106f966a991

Жауапты қызметкерлер ақпаратты өңдейді және қажеттілігіне қарай жауап береді. Мемлекеттік органдардың жауабы респонденттерге жіберіледі. Бір артықшылығы барлық дерек бір базада сақталады. Өңірдегі барлық мәселеден хабардар болуға мүмкіндік береді.
Пилоттық жобаға дайындық ойдағыдай жүргізілуде. 2023 жылдың бірінші қаңтарында іске қосылады, - деді Нұрсұлтан Нұрлан.
Оның айтуынша, QR белгісі облыстағы 3 312 нысанға қойылады.

IMG_20221130_023540

Мемлекетттік органдардан бастап, мектеп, балабақша, университеттер, аурухана мен емхана, қоғамдық көлік, халыққа қызмет көрсету орталықтары, аялдама, базар, ойын-сауық орталықтары, саябақ, балалар ойын алаңы мен әжетханалар да қалыс қалмайды. Бұл байланыс халықтың мәселелері мен шағымдарын әкімдікке хабарлауды жеңілдете түспек.

Динара Насыр,
zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале