16.09.2021, 14:28
Оқылды: 410

Жаңақаланың құрметтілері

Сәрсенбіде Жаңақала ауданының әкімі Наурызбай Қарақойшин аудан әкімдігі мен аудандық мәслихаттың бірлескен шешіміне сәйкес әр жылдары Жаңақала ауданында өз саласы бойынша абыройлы қызмет атқарған бес батысқазақстандыққа «Жаңақала ауданының құрметті азаматы» атағының куәлігі мен төсбелгісін табыс етті.

WhatsApp Image 2021-09-16 at 13.51.27

Атап айтар болсақ, үшбу сый-құрметке ветеринария саласының ардагері Әмина Әбілғалиева, Батыс Қазақстан облыстық туберкулезге қарсы диспансердің жоғары санатты хирургі Аманкелді Бәшенов, Орал қалалық мамандандырылған әкімшілік сотының төрағасы Махамбет Бақтықұлов және мемлекеттік қызмет саласының Жайық жұртына кеңінен танымал өкілдері Табылғали Сапаров пен Лавр Хайретдинов ие болды.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале