21.03.2023, 21:25
Оқылды: 449

«Жаңаордалықтар» Ұлыстың ұлы күнін атап өтті

Бүгін Орал қаласындағы «Жаңа орда» шағын ауданының №11 үй тұрғындары Ұлыстың ұлы күнін бірлесе атап өтті. Яғни 90 пәтерлік аталмыш үйдің көптеген тұрғындары аулаға киіз үй тігіп, қой сойып, қазан көтеріп, салт-дәстүрден көрініс көрсетіп, ұлттық ойындар ұйымдастырып, күй тартып, би биледі.

7777701

Айта кетейік, бұл үй 2008 жылы «Жас отау» бағдарламасы бойынша өңіріміздегі танымал, белгілі бір салада жетістікке жеткен, белсенді, көпбалалы, мемлекеттік және бюджеттік салада еңбек етіп жүрген жастарға берілген еді. Оның ашылу салтанатына еліміздің тұңғыш президенті Н.Назарбаев қатысқан болатын.

imgonline-com-ua-Resize-4C5D8xymA38PtjL5

-Он бес жылдан бері алғаш рет осындай ірі іс-шараны көршілер болып бірігіп ұйымдастырдық. Ондағы мақсат – Ұлыстың ұлы күнін кең көлемде атап өту, ұлттық салт-дәстүрімізді ұлықтау. Сөйтіп жас ұрпақтың санасына ұлтқа, ана тілімізге, ата салтқа деген құрметті қалыптастыру, оларды елжандылыққа тәрбиелеу. Әйтпесе біз көбіне мұның бәрін айтамыз да, іспен дәлелдемейміз. Ал сөз бен іс бір жерден шықпаса, оның әсері болмайды. Міне, осынау олқылықтың алдын алу үшін ұйымдастырған іс-шарамызда біздің үйде тұратын ақсақалдар мен ақжаулықты әжелеріміз Наурыз мерекесінің мән-мағынасын, ескіден қалған есті сөздерді айтып, бата берді.

77711

4444017

200

114

77711

1000000

WhatsApp Image 2023-03-21 at 20.48.44 (1)

WhatsApp Image 2023-03-21 at 20.48.43

Бізге, соның ішінде бүлдіршіндерге әдемі әсер сыйлаған мерекені ұйымдастыруға ұйытқы болғандары үшін көп балалы әке Нұрлыбек Ғұсманов пен Жанар Қамешеваға және осынау игі іске атсалысқан өзге көршілерге ризашалығымызды білдіреміз, - дейді аталмыш үйдің тұрғыны Руслан Ғазезов. Бұл іс-шараға көңілдері толған тұрғындар алдағы уақытта Құрбан айт мерекесін де осылай кең көлемде атап өтуді жоспарлап отыр.

 

Жанат Сүлейменова,

Орал қаласы

zhaikpress.kz

 

 

       

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале