24.09.2021, 18:31
Оқылды: 197

Жарнама саласындағы бақылау жұмыстарының тәжірибесі прокурорлық қадағалауымен дұрысталды

Орал қаласының прокуратурасымен жарнама саласындағы заңдылықтың сақталуына талдау нәтижесімен кәсіпкерлердің құқықтары қорғалды.

 888ъ

Атап айтқанда, қала аумағында 2020 жылдың және 2021 жылдың мамыр айына дейін жарнама саласында 75 кәсіпкерге қатысты әкімшілік хаттамалар толтырылып, жалпы 37 871 656 теңгеге айыппұл салынды.

Прокурорлық қадағалау актісі бойынша Орал қаласының сәулет және қала құрылыс бөліміне жарнама саласындағы анықталған бұзушылықтар бойынша кәсіпкерлік субъектілеріне жіберілетін ұсынымдар жобасы дайындалды, заңсыз практика тоқтатылды.

Қазақстан Республикасының «Жарнама туралы» Заңының 17-бабына сәйкес профилактикалық бақылаудың негізгі мақсаты бұзушылықтардың дер кезінде жолын кесу және оларға жол бермеу, профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды өз бетінше жою құқығын беру және оларға әкімшілік жүктемені азайту болып табылады.

Қалыптасқан тәжірибеге сәйкес, кәсіпкерлік субъектілеріне жарнамаларды орналастыру бойынша бұзушылықтарды жою туралы ұсыным жолданбай, оларды жою туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілмеген.

Кәсіпкерлерге бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша бұзушылықтар анықталған жағдайда бұзушылықтар анықталған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде ұсыным жіберіледі. Табыс етілген күнінен кейінгі күннен бастап он жұмыс күні ішінде орындалуға тиіс.

Ал оның орнына кәсіпкерлерге бұзушылықтарды жоюға мүмкіншілік берілмей, бірден жауапкершілікке тарту үшін құжаттар мемлекеттік кірістер басқармасына жолданған.

 

Орал қалалық прокуратурасы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале