28.03.2022, 17:30
Оқылды: 25

Жас​ туристер​ бас​ қосты

«Еуразия»​ туристік-сауықтыру​ кешенінде​ дәстүрлі​ түрде​ өткізілетін​ оқушылар​ арасындағы​ «Менің​ Отаным​ –​ Қазақстан!»​ туристік​ экспедиция​ слетінің​ облыстық​ кезеңі​ өтті.

eddb542b-3c5a-48aa-ba37-e429f85541b8

Батыс Қазақстан облыстық білім басқармасы және​ облыстық балалар мен жасөспірімдер туризмі және экология орталығының ұйымдастыруымен оздырылған іс-шарада БҚО білім басқармасы басшысының орынбасары Светлана Темірғалиева слеттің ашылуымен құттықтап, қатысушы жастарға ізгі тілегін білдірді.

cc18e47c-2964-4368-bc47-2f1f624b6066

Жастардың Отанға деген махаббатын оятып, экспедициялық жасақтардың туристік қызметін жандандырып, салауатты өмір салтын ұстануға шақырған осы слетке аудандық, қалалық кезеңдердің жеңімпаздары, соның ішінде жалпы орта және қосымша білім беру ұйымдарының 12-17 жас аралығындағы білім алушылары​ қатысты.

582071a3-b9d7-471f-a05d-2f22b4787aa3

Өлкетану, туристік және шығармашылық бөлімдерінің түрлі аталымдары бойынша 13 команда туған өлкенің тарихымен таныса отырып, өздерінің ғылыми жобаларын қорғады.

9affc430-cd8a-404c-9ee7-827f226e8834

Сонымен қатар «Туризм –спорт, денсаулық, демалыс» аталымында қатысушылар көп күндік саяхаттар мен категориялық жорықтардың маңызына, «Өшпес жұлдыздар» бағытында ұлы ойшылдардың, философтардың, қоғам қайраткерлерінің өмірі туралы, шетелдік басқыншылардың шабуылына тойтарыс берген батырлардың ерліктері жайында біраз жайтқа көз жеткізді.

5dcafef1-a64e-414a-af3b-b33cd9ae5d37

Үш күнге созылған слеттің нәтижесінде жалпыкомандалық есеп бойынша I орынды Бәйтерек ауданы иеленді. Ақжайық ауданының командасы II орынға жайғасып, Бөрлі ауданы III орынға лайық деп танылды.

Аманжол​ Исламғали,

zhaikpress.kz 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале