6.05.2021, 17:12
Оқылды: 235

Жеңіс жырларын ағылшын тілінде оқыды

Орал қалалық білім беру бөлімінің жоспары бойынша 5 мамыр күні ағылшын тілі пәнінен 3-4 сынып оқушылары арасында «War.Victory.Memory» мәнерлеп оқу байқауы өткізілді.

29746AB1-467C-41F2-A4AC-C4E4D453FC91

Байқауға 3-4 сыныптардан 43 оқушы қатысты. Оқушылар Ұлы Отан соғысында елін жаудан қорғап қалған ержүрек ата-бабаларымызды құрмет тұтып, туған жерге деген сүйіспеншіліктері мен патриоттық, елжандылық сезімдерін білдіретін өлеңдерін мәнерлеп, шеберлікпен жатқа оқыды. Байқаудың мақсаты – өскелең ұрпақ арасында Ұлы Жеңістің тарихи маңызын танып-білуге, отансүйгіштікке тәрбиелеу, мәнерлеп оқу дағдыларын жетілдіру, көркемдік шеберліктерін қалыптастыру.

Байқаудың қорытындысы бойынша өлең оқу мәнерімен дараланған №5 орта мектебі оқушысы Айару Әміртай (мұғалімі – А.А.Губайдуллина) мен №25 орта мектебі оқушысы Анель Мұрат (мұғалімі – С.И.Калешова) бірінші орын алды.

FBF5BB37-D5BF-4FE0-B3E8-97E389A54792

Екінші орынды №10 орта мектебінің оқушысы Айдана Тұрсынғали (мұғалімі – А.Метенова), №17 орта мектебі оқушысы Лямина Маргарита (мұғалімі – В.И.Баймагамбетова), №40 орта мектебі оқушысы Айбын Лабиб (мұғалімі – Н.С.Габдулова), №42 «Ақ ниет» мектеп гимнащиясы оқушысы Айқын Әділұлы (мұғалімі – А.С.Амангелдиева), №45 орта мектебі оқушысы Еділ Нохан (мұғалімі – А.Н.Мадиева) иеленді.

Жүлделі үшінші орынға А.С.Макаренко атындағы №6 орта мектебі оқушысы Бекет Нурлыбаев (мұғалімі – Б.С.Мауталиева), №16 орта мектебі оқушысы Мария Решетова (мұғалімі – С.М.Бекбулова), №19 орта мектебі оқушысы Ақбота Шатлан (мұғалімі – А.А.Құрманғалиева), №36 орта мектебі оқушысы Камшат Қанат  (мұғалімі – Ұ.К.Хасимова), Д.Қонаев атындағы №44 мектеп-гимназия оқушысы Әлихан Қаюбалиев (мұғалімі – Қ.Х Ақдаулетова), №46 орта мектебі оқушысы Инабат Шилібай (мұғалімі – Б.Б.Ғаппарова), №47 орта мектебі оқушысы Ақерке Есентемір (мұғалімі – А.А.Галимова) лайық деп танылды.

CEA12336-3233-40EF-BA26-122EB9CC5351

Сондай-ақ  ерекше өнер көрсеткен №20 орта мектебі оқушысы Жансая Аренова (мұғалімі – А.К.Нұрманова), №32 орта мектебі оқушысы Арсений Юрченко (мұғалімі – Е.С.Панарина), №43 орта мектебі оқушысы Әдемі Қуанғалиева (мұғалімі – А.А.Орынғалиева) есімді  оқушыларға алғысхат ұсынылды.

Орал қалалық білім беру бөлімінің баспасөз қызметі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале