21.01.2021, 18:30
Оқылды: 342

2020 жылы атқарылған жұмыстар бойынша онлайн форматта жылдық қорытынды жиналыс ұйымдастырылды

21 қаңтар күні сағат «ANTIKOR ORTALYGY» сервистік орталығында БҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің үкіметтік емес ұйымдардың көшбасшылары, қоғам белсенділері және азаматтық қоғам институттары алдында 2020 жылы атқарған жұмыстары бойынша онлайн форматта жылдық қорытынды жиналыс өтті.

 IMG_3636

Шараға «Ақжайық – Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы Ә.Ө.Салиева, облыстық арнайы мониторингтік тобының жетекшісі В.С.Колпаков, «Ауыл» Халықтық Демократиялық Патриоттар партиясы БҚО филиалының төрағасы, облыстық ақпараттық-ағартушылық штабының мүшесі М.Т.Әнесов, облыстық ақпараттық-ағартушылық штабының мүшесі, қалалық мәслихат депутаты Н.Қ.Жолдасқалиев, мемлекеттік мекемелер басшылары, Орал қаласы және аудан әкімдері, облыстық, қалалық және аудандық мәслихат хатшылары, қоғамдық кеңес төрағалары мен мәслихат депутаттары, саяси партия өкілдері, кәсіподақ ұйымдарының басшылары, облыс кәсіпкерлері, Қазақстан халқы Ассамблеясы мүшелері, үкіметтік емес ұйымдар, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері қатысты.

IMG_3625

Шара барысында БҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің басшысы Р.С.Ақмырзаев облыстағы жемқорлықтың алдын алу бағытындағы атқарылып жатырған жұмыстардың барысымен таныстырып, қатысушылардың сұрақтарына нақты жауаптар берді.

 

БҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале