2021 жылдың 25 ақпанында «ANTIKOR ORTALYGY» сервистік орталығында облыс әкімінің бірінші орынбасары М.Н.Манкеевтің төрағалық етуімен БҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің бірінші орынбасары Н.Самет, «Ақжайық – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы Ә.Салиева, аудан әкімі орынбасарлары, облыстық басқарма басшылары және аудандық жобалық кеңсе қызметкерлерінің қатысуымен онлайн форматта жиын өтті.
Облыс әкімінің бірінші орынбасары М.Н.Манкеев облысымызда сыбайлас жемқорлықпен күрес және қоғамдық бақылауды күшейту, ашықтық пен жариялылықты қамтамасыз ету мақсатында бірқатар жұмыстар қолға алынғандығын және 2021 жылы да атқарылатын ауқымды жұмыстар көп екендігін атап өтті.
Сонымен қатар, ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңына сәйкес квазимемлекеттік секторда сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс қызметтерін енгізу, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау мәселелері бойынша және 2021 жылға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Жол картасындағы іс-шаралардың жүзеге асырылуын басшылармен бақылауға алуды тапсырды.
Жиын барысында Н.Самет Агенттік Төрағасы А.Ж.Шпекбаевтың «Адалдық алаңы» жобасының аясындағы қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, парасаттылықты қалыптастыруға бағытталған іс-шараларға оң бағасын бергендігін, алдағы уақытта да жұмыстарды одан әрі жандандыру кажеттілігін атап өтті.
Осыған байланысты сыбайлас жемқорлық деңгейін азайту, парасаттылық қағидаттарын ілгерілету, жұртшылықтың сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілігін қалыптастыру мақсатында 2021 жылға жасақталған жаңа міндеттерге тоқталды.
«Ақжайық – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы Ә.Салиева өз баяндамасында жобалық кеңсемен 2020 жылда атқарған жұмыс қорытындысына тоқталып, жоба алдында қойылған нақты міндеттер бойынша тұрмыстық жемқорлықты жою мақсатында қоғамдық бақылау құралдарын тиімді іске асыруға шақырды.
Жиын қорытындысы бойынша облыс әкімінің бірінші орынбасары М.Н.Манкеев Елбасы мен Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру аясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды күшейту мақсатында БҚО басқарма басшылары мен аудан әкімдерінің орынбасарларына жобалық кеңсенің барлық басым бағыттары бойынша жұмыстану үшін нақты тапсырмалар берді.
Жол жөндеу жұмыстары – қоғам бақылауында
19.04.2021, 8:55
Батыс Қазақстан облыстық білім басқармасы ұжымымен кездесу өтті
16.04.2021, 19:04
«Заңдар адам игілігі үшін жазылуы тиіс»
16.04.2021, 15:51
Орал қалалық қорғаныс істері жөніндегі басқарма ұжымымен кездесу өтті
16.04.2021, 9:17
ШЖҚ «Облыстық көпбейінді ауруханасы» МКК қызметкерлеріне онлайн семинар өткізілді
15.04.2021, 17:38
№36, №38 мектеп оқушыларымен онлайн форматта тәрбие сағаттары ұйымдастырылды.
15.04.2021, 17:34
Халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкерлерімен кездесу өткізілді
15.04.2021, 15:20
Шыңғырлау ауданы активімен кездесу өтті
14.04.2021, 18:32
Алик Шпекбаев «Ең белсенді мемлекет қайраткері» атанды
14.04.2021, 18:10
№8 мектеп оқушыларымен онлайн форматта тәрбие сағаты ұйымдастырылды
14.04.2021, 17:33
№33, №34 мектеп оқушыларымен онлайн форматта тәрбие сағаттары өтті
13.04.2021, 17:11
№30, №50 мектеп оқушыларымен онлайн форматта тәрбие сағаттары ұйымдастырылды
12.04.2021, 17:05
Заместитель Председателя Республиканской Специальной мониторинговой группы посетил села Щапов, Переметное района Байтерек и поселок Жаңатаң Акжаикского района
9.04.2021, 19:31
Республикалық арнайы мониторингтік тобы төрағасының орынбасары Бәйтерек, Ақжайық аудандарында болды
9.04.2021, 19:24
№25, №27 мектеп оқушыларымен онлайн форматта тәрбие сағаттары өтті
9.04.2021, 18:09
19.04.2021, 8:55
16.04.2021, 19:04
16.04.2021, 15:51