24.09.2021, 15:25
Оқылды: 375

Ақжайық ауданы активімен онлайн кездесу өтті

          2021 жылдың 24 қыркүйегі күні «ANTIKOR ORTALYGY» сервистік орталығында Ақжайық ауданының активімен онлайн форматта кездесу ұйымдастырылды.

9D22CB10-C5BE-4C38-94F5-8854766BBAAB

Шараға БҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Превенция және парасатттылық басқармасының басшысы Б.М.Хайруллин, «Ақжайық – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы Ә.Ө.Салиева, Ақжайық ауданы әкімінің орынбасары Т.А.Габдушев, аудандық мекеме басшылары мен қызметкерлері және аудан тұрғындары қатысты.

183F04A1-1DCF-4A8A-9278-9B036E6BA3DB

Жиынның негізгі мақсаты – ақпараттық түсіндіру жұмыстары арқылы тұрмыстық жемқорлықты жою және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мүлдем төзбеушілік қағидаттарын қалыптастыру болып табылады.

Өз кезегінде Б.М.Хайруллин облыста сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында атқарылып жатырған жұмыстарға тоқталып, бүгінгі таңда басты назар сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу, қоғамда парасаттылықты қалыптастыру мәселелерінде екендігін атап өтті.

B2A42023-A9CA-4DC4-9D8F-9BC7A5DC0442

Сонымен қатар, аудандық кітапхана қызметкері «Парасат жолы» жобасы аясында атқарылып жатырған жұмыстарға тоқталды.

Егер сізге сыбайлас жемқорлық фактілері туралы белгілі болса, онда сіз тәулік бойы жұмыс істейтін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің 1424 Call-орталығына хабарласа алатыныңызды есіңізге саламыз.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале