1.09.2021, 17:31
Оқылды: 775

Алаяқтық жасау жайты бойынша өндіріспен аяқталған қылмыстық іс ұсынымы қаралды

31 тамыз күні БҚО бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет және БҚО ПД басшылығының қатысуымен БҚО ПД Жәнібек ауданы полиция бөлімінің қызметкерлеріне қатысты қызметтік жағдайын пайдалану арқылы алаяқтық жасау жайты бойынша өндіріспен аяқталған қылмыстық іс бойынша ҚР ҚПК-нің 200-бабының тәртібінде жолданған ұсыным қаралды.

B64100C3-D1C7-4E18-97AC-E91E918D4D08

Тергеу нәтижесі бойынша қылмыстық іс сотқа жолданды. Сонымен бірге тергеу барысында БҚО ПД Жәнібек ауданы полиция бөлімінің басшылығы тарапынан қарамағындағы бөлімшелер қызметкерлерінің жұмыстарын ұйымдастыру бойынша, сондай-ақ, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаудың алдын алу бойынша бірқатар бұзушылықтар анықталды.

Бұл  іс-шараның мақсаты ІІО саласында орын алып отырған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша алдын алу шараларын қабылдау болып табылады.

Сонымен, БҚО бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің басшыларымен ІІО саласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жағдайы туралы ақпарат жеткізілді. Қызмет барысында туындаған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою туралы ұсынымдар берілді. Ұсынымды қарау нәтижесі бойынша БҚО ПД басшыларына төмендегілер ұсынылды:

- БҚО ПД Жәнібек ауданы полиция бөлімінің лауазымды тұлғалары тарапынан сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға жол бермеу шараларын қабылдауға;

- күн сайын, кезекшілікке түсер алдында, полиция бөлімінің жеке құрамының алдында мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың құндылығын, басымдылығын және талаптарын жеткузіге;

Сыбайлас жемқорлық фактілері туралы кез келген азамат 24/7 режимінде жұмыс істейтін «1424» Call-орталығы арқылы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке хабарлай алады.

 

БҚО бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале