12.02.2021, 17:00
Оқылды: 390

Бәйтерек ауданы активімен кездесу өтті

          2021 жылдың 11 ақпаны күні «ANTIKOR ORTALYGY» сервистік орталығында Бәйтерек ауданының активімен онлайн форматта кездесу өтті.

 1 (67)

Шараға БҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысының бірінші орынбасары Н.И.Самет, облыстық ақпараттық-ағартушылық штабының мүшесі М.ТӘнесов және Бәйтерек ауданының активі мен аудан әкімдігінің аппараты қатысты.

2 (27)

Жиынның негізгі мақсаты – ақпараттық түсіндіру жұмыстары арқылы тұрмыстық жемқорлықты жою және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мүлдем төзбеушілік қағидаттарын қалыптастыру болып табылады.

«Сыбайлас жемқорлықпен күрес» парадигмасы, сыбайлас жемқорлықты тоқтатуы және оның еліміздің ұлттық қауіпсіздігіне қауіп төндіретін, сыни көлемдерге дейін тамыр жайдырмауы тиіс, шұғыл және тиімді қарсы іс-қимылдар шараларын қабылдаудың қажеттілігінен туындаған.

5 (7)

Ар тазалығы мен адамдықтың биік шыңы сөз болған жиында облыстық ақпараттық-ағартушылық Штабының мүшесі Мынатаубиік Әнесов ата-бабадан аманат болып қалған адалдық қағидатын қадір тұту қажеттігін атап өтті.

Өз кезегінде Департамент басшысының бірінші орынбасары Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев қол қойған «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңына енгізілген өзгерістермен жіті таныстырып, жиынға қатысушыларды қоғамның әділ әрі белсенді азаматы болуға үндеді.

4 (4)

Егер сізге сыбайлас жемқорлық фактілері туралы белгілі болса, онда сіз тәулік бойы жұмыс істейтін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің 1424 Call-орталығына хабарласа алатыныңызды есіңізге саламыз.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале