16.04.2021, 19:04
Оқылды: 585

Батыс Қазақстан облыстық білім басқармасы ұжымымен кездесу өтті

2021 жылдың 16 сәуірі күні «ANTIKOR ORTALYGY» сервистік орталығында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің БҚО бойынша департаменті Батыс Қазақстан облыстық білім басқармасы ұжымымен зум қосымшасы арқылы онлайн кездесу ұйымдастырды.

20210416_183223

Шара барысында қатысушыларға Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті  қалыптастыру тақырыбы талқыланды.

  Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар кешені жұртшылықтың кең қатысуымен сүйемелденуі тиіс. Мемлекет пен қоғамның тығыз серіктестігі ғана сыбайлас жемқорлыққа табысты қарсы тұруға мүмкіндік береді. Қоғамның қолдауынсыз жоғарыдан жүргізіліп жатқан сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар ішінара нәтиже береді. Сыбайлас жемқорлыққа деген төзбеушілік әрбір қазақстандықтың азаматтық ұстанымына, ал Адалдық пен Сатылмаушылық мінез-құлық нормасына айналуы тиіс. Азаматтарда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет, сыбайлас жемқорлыққа деген берік иммунитет, оған деген жұртшылықтың мінеуі болмай, қалаған нәтижеге қол жеткізу мүмкін емес.        

 Сонымен қатар Б.М.Хайруллин бүгінгі таңда басты назар сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, қоғамда парасаттылықты қалыптастыру мәселелерінде екендігін атап өтті.

Егер сізге сыбайлас жемқорлық фактілері туралы белгілі болса, онда сіз тәулік бойы жұмыс істейтін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің 1424 Call-орталығына хабарласа алатыныңызды есіңізге саламыз.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале