8.04.2021, 15:34
Оқылды: 316

Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен республикалық арнайы мониторингтік тобының жетекшілері келді

2021 жылғы 8 сәуірде Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының іске асырылуын сыртқы талдау мен бағалаудың Республикалық арнайы мониторингтік тобының төрағасы Айгүл Соловьева және оның орынбасары Рафаэль Гасанов келді.

20210408_150250

Олар ең алдымен Орал қаласының №21 және №7 орта жалпы білім беретін мектептеріне келді. Облыстық білім басқармасының басшысы Айгүл Мыңбаева білім беру саласында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы жеткізді.

Одан әрі делегация облыстық полиция департаментіне барып, фронт-офис пен жедел басқару орталығының жұмысымен танысты. Департамент және құрылымдық бөлімшелер басшылығымен кездесу өтті. БҚО Полиция департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры Махсудхан Аблазимов полиция бөлімшелерінде ҚР 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру бойынша жүргізілген мониторинг нәтижелері бойынша БҚО АМТ ұсынымдарын орындау бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы есеп берді.

707DA906-66D1-4789-83B9-ADD627954D32

РАМТ төрағасы Айгүл Соловьева білім беру саласында және ішкі істер органдарының қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша жүргізіліп жатқан алдын алу жұмыстарын оң бағалады және сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны іске асыру мәселелерінде арнайы мониторингтік топтарымен одан әрі ынтымақтастықты жұмыс жасауды тіледі.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале