22.06.2021, 16:23
Оқылды: 1108

БҚО бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті ұжымымен кездесу өтті

          2021 жылдың 22 маусымы күні Батыс Қазақстан облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің ұжымымен кездесу ұйымдастырылды.

 1 - 2021-06-22T160333.614

Кездесуге БҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысының бірінші орынбасары Н.И.Самет, БҚО Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің басшысы Р.А.Турегелдиев және Департамент ұжымы қатысты.

Жиынның негізгі мақсаты – ақпараттық түсіндіру жұмыстары арқылы тұрмыстық жемқорлықты жою және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мүлдем төзбеушілік қағидаттарын қалыптастыру болып табылады.

Шара барысында кездесуге қатысушыларға елімізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды күшейту мақсатында қабылданып жатырған заңнамалық жаңашылдықтар жеткізілді.

2 (62)

Өз кезегінде Н.И.Самет: «Қаржы министрлігінің қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлық қылмыстарының елеулі үлес салмағы оны неғұрлым сыбайлас жемқорлық кең тараған органдар қатарына жатқызуға мүмкіндік береді. Қаржы министрлігі көптеген функцияларды жүзеге асыру барысында субъектілердің кең ауқымымен өзара байланыста болатын мемлекеттік орган болып табылады. Шенеуніктердің қызмет алушымен тікелей байланысының болуы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің деңгейін арттырады», - деп атап өтті.

Шара соңында Департамент ұжымына қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, парасаттылықты қалыптастыруға бағытталған әлеуметтік бейнеролик көрсетілді.

Егер сізге сыбайлас жемқорлық фактілері туралы белгілі болса, онда сіз тәулік бойы жұмыс істейтін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің 1424 Call-орталығына хабарласа алатыныңызды есіңізге саламыз.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале