15.10.2021, 9:27
Оқылды: 426

БҚО-да «Саналы ұрпақ – жарқын болашақ» облыстық слеті өтті

Еліміздің білім беру саласы сыбайлас жемқорлыққа бейім салалардың бірі болып табылады.

ЭЫДҰ сарапшылары, Жоғары білім саласындағы жемқорлықтың жоғары деңгейіне назар аудара отырып, осы саладағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу үшін елеулі шаралар қабылдау қажеттігін атап өтті.

c6f13001-ecf9-415e-8311-2b0aaad81a29

Аталған бағыттағы жұмыстарды жандандыру мақсатында білім мекемелерінде «Адал ұрпақ» және «Саналы ұрпақ» жобалары іске қосылды.

«Саналы ұрпақ» жобасының негізгі мақсаты – білім беру жүйесінде сыбайлас жемқорлықты жою, білім беру жүйесі арқылы сыбайлас жемқорлықтан бас тарту ортасын қалыптастыру болып табылады.

Сонымен қатар, аталған жоба білім беру ұйымдарында озық тәжірибені одан әрі пайдалану мақсатында негізгі бағыттарды апробациялауға және іске асыруға негізделген.

2021 жылдың 14 қазаны күні «Саналы ұрпақ» жобасы аясында «Саналы ұрпақ – жарқын болашақ» тақырыбында онлайн форматта облыстық слеті ұйымдастырылды.

Шараға БҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Превенция және парасаттылық басқармасының басшысы Б.М.Хайруллин, облыстық білім басқармасының өкілдері, арнаулы орта оқу орындарының басшылары мен «Саналы ұрпақ» клубының белсенді мүшелері қатысты.

Шара барысында қатысушыларға сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жұмыстары, сыбайлас жемқорлық бойынша құқықбұзушылықтың жауапкершілігі және түрлері туралы баяндалып, әлеуметтік бейнероликтер көрсетілді.

Слетке қатысушылар Агенттік бастамасымен жүзеге асырылып жатырған «Адалдық сағатының» маңыздылығын атап өтіп, осындай бейнероликтердің маңыздылығын атап өтті.

Егер сізге сыбайлас жемқорлық фактілері туралы белгілі болса, онда сіз тәулік бойы жұмыс істейтін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің 1424 Call-орталығына хабарласа алатыныңызды есіңізге саламыз.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале