15.06.2021, 12:58
Оқылды: 510

БҚО қорғаныс істері жөніндегі департаменті ұжымымен кездесу өтті 

15 маусым күні Батыс Қазақстан облысының Қорғаныс істері жөніндегі департаментінің ұжымымен кездесу ұйымдастырылды.

9F4E3334-34FF-4295-BC62-A9F04AACA0A2

 Жиынның негізгі мақсаты – қорғаныс істері саласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мүлдем төзбеушілік қағидаттарын қалыптастыру болып табылады.

Шараға БҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысының бірінші орынбасары Н.И.Самет, БҚО қорғаныс істері жөніндегі департаменті бастығының бірінші орынбасары А.Ғ.Дюсембиев және департамент ұжымы қатысты.

D243A695-39EE-49AB-B367-DAE6376F429F

 Шара барысында кездесуге қатысушыларға елімізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды күшейту мақсатында қабылданып жатқан заңнамалық жаңашылдықтар жеткізілді.

 Өз кезегінде Н.И.Самет «Бүкіләлемдік күш құрылымдарына, бірінші кезекте Қарулы Күштерге сыбайлас жемқорлықтың енуі ең қауіпті әлеуметтік құбылыс болып саналады. Әскери қызметшілер арасындағы сыбайлас жемқорлық фактілерінің орын алуы Ұлттық қауіпсіздік пен қоғамдық тұрақтылыққа қауіп төндіреді. Мемлекет тарапынан Қарулы Күштерді барлық қажеттіліктермен қамтамасыз ету және әскери қызметшілер үшін барынша қолайлы жағдайлар жасау үшін жан-жақты шаралар қабылдауда. Өкінішке орай, әскери қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлық қылмыстары орын алуда», - деп атап өтті.

 Шара соңында департамент ұжымына қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, парасаттылықты қалыптастыруға бағытталған әлеуметтік бейнеролик көрсетілді.

 Егер сізге сыбайлас жемқорлық фактілері туралы белгілі болса, онда сіз тәулік бойы жұмыс істейтін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің 1424 Call-орталығына хабарласа алатыныңызды есіңізге саламыз.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале