17.06.2021, 12:15
Оқылды: 733

БҚО мамандандырылған күзет қызметі басқармасы ұжымымен кездесу өтті

17 маусым күні Батыс Қазақстан облысының Мамандандырылған күзет қызметі басқармасы ұжымымен кездесу ұйымдастырылды. 43E416F6-F59F-4085-9CD1-B7AF61F746FE

Жиынның негізгі мақсаты – ақпараттық түсіндіру жұмыстары арқылы тұрмыстық жемқорлықты жою және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мүлдем төзбеушілік қағидаттарын қалыптастыру болып табылады.

E070584A-8774-46CE-AB5D-672288665F0E

 Кездесуге БҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысының бірінші орынбасары Н.И.Самет, БҚО Мамандандырылған күзет қызметі басқармасы бастығының орынбасары Д.А.Джумашев және басқарма ұжымы қатысты.

 Шара барысында Н.И.Самет кездесуге қатысушыларға елімізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды күшейту мақсатында қабылданып жатқан заңнамалық жаңашылдықтар жеткізді.

 Шара соңында басқарма ұжымына қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, парасаттылықты қалыптастыруға бағытталған әлеуметтік бейнеролик көрсетілді.

 Егер сізге сыбайлас жемқорлық фактілері туралы белгілі болса, онда сіз тәулік бойы жұмыс істейтін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің 1424 Call-орталығына хабарласа алатыныңызды есіңізге саламыз.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале