2021 жылдың 14 қаңтары күні «ANTIKOR ORTALYGY» сервистік орталығында облыстық Ақпараттандыру, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер және архивтер басқармасы және оған бағынысты ұйымдар ұжымдарымен онлайн форматта кездесу ұйымдастырылды.
Шараға БҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысы Р.С.Ақмырзаев, облыстық Ақпараттандыру, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер және архивтер басқармасы басшысының міндетін уақытша атқарушы П.С.Лежников, басқарма және оған бағынысты ұйымдардың ұжымдары қатысты.
Жиынның негізгі мақсаты – ақпараттық түсіндіру жұмыстары арқылы тұрмыстық жемқорлықты жою және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мүлдем төзбеушілік мәдениетін қалыптастыру болып табылады.
Өз кезегінде Департамент басшысы Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев қол қойған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңына енгізілген өзгерістермен жіті таныстырып, жиынға қатысушыларды қоғамның әділ әрі белсенді азаматы болуға үндеді.
Шара барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған әлеуметтік бейнеролик көрсетілді.
Сонымен қатар Р.С.Ақмырзаев қатысушыларды адал, парасатты болуға және мемлекет пен азаматтардың мүддесіне шынайы қызмет етуге шақырды.
Егер сізге сыбайлас жемқорлық фактілері туралы белгілі болса, онда сіз тәулік бойы жұмыс істейтін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің 1424 Call-орталығына хабарласа алатыныңызды есіңізге саламыз.
«Батыс Су арнасы» ЖШС қызметкерлеріне онлайн семинар өткізілді
4.03.2021, 15:47
««Зерде» Ұлттық инфокоммуникация холдингі» АҚ комплаенс-қызметтері жұмысының басымдықтары айқындалды
4.03.2021, 15:36
Ж.Молдағалиев атындағы облыстық әмбебап-ғылыми кітапханасында «Парасат жолы» орталығы ашылды
3.03.2021, 15:51
БҚО сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі сыбайлас жемқорлыққа қарсы келісімге қол қойды
2.03.2021, 19:39
«PBI – Protecting Business and Investments» жобасы аясында онлайн диалог алаңы өтті
26.02.2021, 18:15
«Ақжайық – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің 2021 жылға арналған жаңа міндеттері қаралды
26.02.2021, 17:57
«Облыстық жедел медициналық жәрдем станциясы» ШЖҚ МКК қызметкерлеріне онлайн семинар өткізілді
26.02.2021, 11:48
Облыстық тері-венерологиялық диспансер ұжымымен кездесті
25.02.2021, 16:26
World Justice Project: сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл көрсеткіші бойынша Қазақстан ілгерілемелі прогресімен ерекшеленеді
25.02.2021, 10:19
Бертельсманн қоры: қоғамды жұмылдыру және заңнаманы жаңғырту – жемқорлықты жоюдың басты қозғаушы күштері
24.02.2021, 9:03
Мектептегі тамақтануды мемлекеттік сатып алудың автоматтандырылу мәселесі талқыланды
23.02.2021, 20:28
Бизнес пен инвестицияларды қорғау – Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің басымдықтарының бірі
23.02.2021, 9:04
Инвестицияларды тарту бойынша өңірлік кеңестің кезекті отырысы өтті
18.02.2021, 18:33
«Жайықжылуқуат» АҚ қызметкерлеріне онлайн семинар өткізілді
18.02.2021, 11:54
«Самұрық-Қазынада» «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесі ашылды»
17.02.2021, 10:50
4.03.2021, 15:47
4.03.2021, 15:36
3.03.2021, 15:51