12.01.2021, 16:01
Оқылды: 311

Дәріханаларға қоғамдық бақылау жалғасуда

2021 жылдың 12 қаңтары күні «Ақжайық – Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің БҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің өкілдері қоғам белсенділерімен бірлесіп дәріханаларға мониторинг жүргізілді.

Фото (6)

Мониторинг барысында дәрі-дәрмектерді шекті бағадан көтеру және медициналық мақсаттағы дәрі-дәрмектерді лицензиясыз сату фактілері анықталған жоқ. Медициналық маскаларды 30 теңгеге сатып алуға болады.

Бүгінгі таңда Орал қаласындағы дәріханалар әдеттегідей жұмыс жасауда, ешқандай кезек жоқ.

Фото (5)

Азаматтар сыбайлас жемқорлық фактілері бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің «1424» Call орталығына хабарлай алады. Call орталық 24/7 режимінде қызмет жасайды.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале