15.07.2021, 10:12
Оқылды: 1596

Департамент қызметкерлері облыстың шалғай аудандарында болды

 Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі агроөнеркәсіптік кешендегі субсидиялау саласына ауқымды талдау жүргізуде.

4

Бұл жұмыстың мақсаты – субсидияларды алу үшін өтінімдерді тапсыру сәтінен бастап, оны берудің ашық әрі әділ жүйесін қамтамасыз ету, сыбайлас жемқорлық пен бюрократия деңгейін төмендету, бизнес жүргізуге кедергі келтіретін әкімшілік кедергілерді жою болып табылады.

Ол үшін барлық нормативтік құжаттар, өңірлерде субсидиялар берудің тәжірибесі, қылмыстық істер мен сот шешімдері, ауыл шаруашылығы өндірушілерінің шағымдары мен өтініштері талданатын болады.

Ағымдағы жылдың 12-16 шілде күндері департамент қызметкерлері облыстың Жәнібек, Бөкей ордасы және Жаңақала аудандарында іссапармен болды.

7

Іссапар аясында шаруа қожалықтарымен кездесулер өткізіліп, аудандық ауыл шаруашылығы бөлімдерінің қызметтеріне мониторинг жүргізілуде.

Шаруа қожалықтарымен кездесулер барысында күн панельіне қайта субсидия беру, ұңғыма құдықтарға 1000 гектарға дейін және бассейн құдықтарға, қырда тұрғын жайлар салуға субсидия беру мәселелері көтерілді.

Сонымен қатар, жеңілдетілген бағамен дизель отынын жеткізу үшін ереженің қабылданбауына байланысты мәселелер туындады.

Департаментпен кешенді талдау аясында ауыл шаруашылығы өндірушілері, ауыл тұрғындарын арасында сауалнама жүргізіліп, олардың проблемалық мәселелері негізінде арнайы өңірлік сұрақтардың тізілімі қалыптастырылды.

Өңірлік арнайы проблемалық сұрақтардың тізіліміне ұсыныстарыңызды 8 775 300 02 14 телефон нөміріне немесе [email protected] электронды поштасына жолдауларыңыз сұралады.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале