10.06.2021, 11:34
Оқылды: 517

Дос Көшім – «Antikor.Live» жобасында

2021 жылдың 10 маусымы күні «ANTIKOR ORTALYGY» сервистік орталығында белгілі қоғам қайраткері, саясаткер Досмахамбет (Дос) Қалмаханұлы Көшім «Antikor.Live» жобасы аясында тікелей эфирге қатысты.

4

Тікелей эфир барысында қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, парасаттылықты қалыптастыру бағытында атқарылып жатырған жұмыстарға тоқталып, азаматтық қоғам институттарының белсенділігі мен үкіметтік емес ұйымдардың әлеуеті туралы пікірін білдірді.

1

Сонымен қатар, осы бағытта Америка құрама штаттарының тәжірибесі туралы ой қозғады.
Дос Көшім: «Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруда бірінші кезекте тәрбиеге көңіл бөлу керек және әр адам жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік қағидатын ұстануы қажет» - деп атап өтті.
Егер сізге сыбайлас жемқорлық фактілері туралы белгілі болса, онда сіз тәулік бойы жұмыс істейтін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің 1424 Call-орталығына хабарласа алатыныңызды есіңізге саламыз.

Тікелей эфирге сілтеме: https://fb.watch/61jiZDJQGL/

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале