15.02.2021, 21:00
Оқылды: 449

Қардан тазалау және тайғақтықты жою жұмыстары – қоғам бақылауында

«Сапалы жол – Адалдық алаңы» жобасының жүзеге асырылуы аясында «Ұлттық жол активтері сапасы орталығы» РМК облыстық филиалының мамандары, «Ақжайық – адалдық аланы» жобалық офисі, қоғам өкілдерімен бірлесіп 2021 жылдың 8 ақпанында «Орал-Тасқала-РФ шекарасы» а/ж 4-104 шақырымы бағытындағы тас жолына мониторинг жүргізді.

c370d27c-95e4-45da-8228-766ea856d146 (2)

Мониторинг барысында аталған бағыттағы тас жолдар бойынша қардан тазалау және тайғақтықты жоюды қамтитын қауіпсіз және үздіксіз қозғалысты қамтамасыз ету бойынша іс-шаралар кешені тиісті деңгейде  жүргізілмегендігі анықталды.

Сонымен қатар жол белгілеріндегі қарлы-мұздық шөгінділері және қисық-сызықты бағаналары күпсек қардан тазартылмаған. Көк тайғаққа қарсы материалдар шашылмаған.

911842a3-fdc0-4fee-ba03-a3fbd50609af (1)

Қауіпсіз қозғалысты қамтамасыз мақсатында анықталған кемшіліктерді жою бойынша құзырлы мекемелерге ұсыныстар жолданды.

Осы жобаның міндеттерінің бірі белсенді азаматтық ұстанымы бар қоғам мүшелерімен өзара іс-қимыл кезінде жол құрылысының барысын қоғамдық бақылауды және ашықтықты қамтамасыз ету болып табылады.

15ab501d-8dd5-4829-b86b-60da50c1eb4b (1)

Сыбайлас жемқорлық фактілері туралы кез келген азамат 24/7 режимінде жұмыс істейтін «1424» Call-орталығы арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке хабарлай алады.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале