15.02.2021, 21:04
Оқылды: 446

Қардан тазалау және тайғақтықты жою жұмыстары – қоғам бақылауында

«Сапалы жол – Адалдық алаңы» жобасының жүзеге асырылуы аясында «Ұлттық жол активтері сапасы орталығы» РМК облыстық филиалының мамандары, «Ақжайық – адалдық аланы» жобалық офисі, қоғам өкілдерімен бірлесіп 2021 жылдың 15 ақпанында «Шымкент – Самара» а/ж 195-251 шақырымы (ЖПУ-38) халықаралық тас жолының «Орал – Ресей Федерациясы» бағытындағы тас жолына мониторинг жүргізді.

651eb699-2f9e-41f6-ae3e-c9e60a0bfd61

Мониторинг барысында аталған бағыттағы тас жолдар бойынша қардан тазалау және тайғақтықты жоюды қамтитын қауіпсіз және үздіксіз қозғалысты қамтамасыз ету бойынша іс-шаралар кешені тиісті деңгейде  жүргізілмегендігі анықталды.

Көк тайғаққа қарсы материалдар шашылмаған.

91a85834-d5b4-4a90-8206-9698c04499d9

Қауіпсіз қозғалысты қамтамасыз мақсатында анықталған кемшіліктерді жою бойынша құзырлы мекемелерге ұсыныстар жолданды.

Осы жобаның міндеттерінің бірі белсенді азаматтық ұстанымы бар қоғам мүшелерімен өзара іс-қимыл кезінде жол құрылысының барысын қоғамдық бақылауды және ашықтықты қамтамасыз ету болып табылады.

2b7bd79f-e2d0-4e95-9a05-21ae65412038

Сыбайлас жемқорлық фактілері туралы кез келген азамат 24/7 режимінде жұмыс істейтін «1424» Call-орталығы арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке хабарлай алады.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале